Алматы облысында білім бөлімінің бухгалтері асылып қалған
7 маусымда Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімінің бухгалтері өзін-өзі өлтірген, деп хабарлайды Qazaq.today Orda.kz-ке сілтеме жасап. Бухгалтердің асылып өлгені туралы оның жұбайы хабарлаған. Ол оқиға орнына жедел жәрдем шақырған. Қазір ҚР ҚК-нің 105-бабы «суицидке итермелеу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұған дейін Талдықорған білім бөлімінің бұрынғы басшысы Роза Барманованың Қаратал өзеніне батып кеткені хабарланған еді….
