Бақұл бол бәйгекерім: Софы Сматаев марқұм досы Мағауиннің қазасы жайлы
Фото: Todayinfo Жазушы Софы Сматаев үзеңгілес досы, әріптесі Мұхтар Мағауинмен бақұлдасты. Алматыдағы ақсақал Америкада қайтыс болған Мағауиннің қазасына қамығып, шерін шығарар амал таппаған, деп хабарлайды Qazaq.today. «Сылдырап аққан тас бұлақтың көзі еді. Таусылмас, сарқылмас даналықтың өзі еді. Ғасырлар мұңын, алыптар жырын, мұңлықтар сырын тербеткен халықтың сөзі еді — Мұхтар әріптесім. Төңірегімнің тарылғанын, бүтінімнің жарылғанын, жұртымның…
