Қазақстанда күріш қымбаттай ма? — министр жауап берді
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев елімізде күріш бағасының қымбаттауына қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy.-на сілтеме беріп. Оның айтуынша, республика аумағындағы күріш алқабының көлемі қысқармаған. Сол себепті күріш өнімінің көлемі қысқарады деуге негіз жоқ. «Өздеріңіз білесіздер, күрішпен өзімізді-өзіміз толықтай қамтамасыз етеміз. Онымен қоса, шетелге өнімімізді экспорттаймыз. Сондықтан тұтынушыларымыз үшін күріш көлемі жеткіліксіз…
