Тоқаевтың сынына қалған вице-министр Күлдіков қызметінен кетпек

Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков өз еркімен қызметінен босату туралы рапорт жазды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz. «Қазіргі уақытта оны қызметтен босату туралы келісу рәсімі жүргізіліп жатыр», – делінген министрлік хабарламасында.   Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев маусым айының басында қатты орман өрті болған Абай облысындағы жедел штаб отырысында Марат Күлдіковтың сөзін үзіп,…

Толық оқу

«Империалист, діни фанат» — Алматыда Невскийдің ескерткіші ашылмақ

Азаматтық белсенді Тұрарбек Құсайынов Алматыда орыс қолбасшысы Александр Невскийге арналған ескерткіштің қойылуына қарсы, деп хабарлайды Qazaq.today Abai.kz-ке сілтеме жасап.  «Тарихқа көз жүгіртсек, князь Александр Невский Алтын Ордаға амалсыз бас иген. Ол біздің көшпенді ата-бабамызды жек көрген, тек саяси билігіне мойынсұнуына тура келген. Тарихшылар оның нағыз империалист және діннің фанаты болғанын айтады. Кремль мен Путин пір…

Толық оқу

Балаларға қатысты жыныстық қылмыс жасағандарға жаза күшейтілді

Бас прокурор Берік Асылов Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиевамен кездесті, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі. Кездесу барысында Берік Асылов Балалар омбудсменін кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы жұмыс және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған заңнамалық өзгерістер туралы айтты.   Атап айтқанда, балалардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстары үшін жаза күшейтілді. Мұндай істер…

Толық оқу

Астанада олимпиадалық спорт түрлерін дамыту дирекциясының басшысы ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің елордалық департаменті Астана қаласы әкімдігінің «Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясы» КММ-нің лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy.-на сілтеме жасап. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2020-2023 жылдар аралығында ақша жымқыру шетелде де, республика ішінде де оқу-жаттығулар мен жарыстарға бөлінген іссапар шығындарын асыра көрсету…

Толық оқу

Жамбыл облысының тұрғыны 280 келі есірткі сақтаған

Жамбыл облысында аса ірі көлемде есірткі сақтады деген күдікпен 42 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz. Шу ауданы Белбасар ауылының маңында полиция 280 келі есірткі сақтаған деген күдікпен 42 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Арнайы операцияны облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өткізді. Іздестіру іс-шарасы нәтижесінде күдікті ұсталған «Сарғау» учаскесінде жалпы салмағы 237…

Толық оқу
Яндекс.Метрика