Жыл басынан бері 10 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Биыл жыл басынан бері 10 488 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері елімізге 1 млн 117,6 мың этникалық қазақ оралған деп хабарлайды Qazaq.today Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысы (56%) Өзбекстаннан, 19,3%-ы Қытайдан, 9,7%-ы Ресейден, 7,8%-ы Моңғолиядан, 4,6%-ы…
