Еуроодақ Қазақстанды Қаңтар оқиғаларын әділ тергеуге шақырды

23 қазанда Люксембургте ЕО және Қазақстан Ынтымақтастық кеңесінің 20-шы отырысы өтті. Кездесу ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Испания СІМ басшысы Хосе Мануэль Альбарес Буэноның төрағалығымен өтті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz— ке сілтеме жасап. Кездесу барысында Буэно Ресейге санкциялық тауарларды қайта экспорттауды тоқтату және ЕО айыппұл шараларын айналып өтуге қарсы күрестің маңыздылығын атап өтті….

Толық оқу

Банк басшыларына сыйақы алуға тыйым салынуы мүмкін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Ақорда мәліметінше, президентке қаржы нарығындағы жағдай, экономиканың нақты секторына берілетін кредит көлемін кеңейтуге және халықтың тым көп несие алуын төмендетуге бағытталған шаралар туралы баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа банк акционерлерінің жауапкершілігін қатаңдату үшін төлем қабілеті төмен банктердің…

Толық оқу

Палестинада Қазақстан азаматы қаза тапты

Соғыс болып жатқан Палестина аумағында Қазақстан азаматы мерт болды. Бұл туралы СІМ хабарлады. «2023 жылғы 22 қазанда Газа секторын атқылау салдарынан Қазақстан азаматы қаза болды. Өкінішке орай, онымен бірге Палестина азаматы болған оның 23 жастағы қызы да қайтыс болды. Отандасымыз  Газа секторында Палестина азаматы болып табылатын күйеуімен бірге ұзақ уақыт бойы тұрған», делінген хабарламада. Qazaq.today 

Толық оқу

Пара Азия ойындарынан Қазақстан құрамасының қоржынына екі алтын түсті

Ханчжоудағы Пара Азия ойындарынан Қазақстан құрамасының қоржынына екі алтын түсті, деп хабарлайды Qazaq.today Qaz365.kz-ке сілтеме жасап. Пара дзюдодан  48 келі салмақтың J2  санатында бақ сынаған Ақмарал Науатбек топ жарды. Көзі нашар көретін Ақмарал пара дзюдодан Азия ойындарында чемпион атанған алғашқы қазақ спортшысы атанды. Отандасымыз Ханчжоу татамиін де алдымен жапон қызын, сосын Үндістан спортшысы иппонмен жеңді….

Толық оқу

Алматы мектебінде «Патриотизм дауысы» іс-шарасы өтті

Республика күніне орай білім ошақтарында Қазақстанның әнұранын орындау челленжі басталды, деп хабарлайды Qazaq.today. Соған орай Алматыдағы № 205 жалпы білім беретін мектепте  оқушылар әнұран шырқап, мемлекеттік ту көтерілді. Мерейлі мереке құрметіне арналған «Патриотизм дауысы» іс-шарасы өткізілді. Оған барлық ұстаздар мен оқушылар атсалысты. Аталмыш іс-шара 13 жылдан кейін халықпен қайта қауышқан ұлттық мерекенің маңызын арттырып, өскелең…

Толық оқу
Яндекс.Метрика