Сирек кездесетін жағдай: алматылық дәрігерлер жамбасына протез кіріп кеткен науқасты аяққа тұрғызды
Алматылық дәрігерлер жаңа технологиялардың көмегімен ауыр науқасты аяққа тұрғызды. Пациент Алматыдағы №7 Қалалық клиникалық ауруханаға аса ауыр халде жеткізілген. Осыдан 10 жылдай уақыт бұрын оның жамбас буыны алмастырылған. Жарақат салдарынан цементсіз әдіспен бекітілген протез жамбас қуысына кіріп кеткен, деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Qazaq.today агенттігі. Аурухананың полижарақат бөлімшесі меңгерушісі Рамазан Әскеровтің айтуынша, протез…
