Түркістан облысында таулы аймақтардағы 270 жер учаскесі заңсыз берілген
Түркістан облысында прокурорлар таулы аймақтарда орналасқан 270 жер учаскесін элиталық саяжай құрылысына заңсыз берілгенін анықтады, деп хабарлайды Qazaq.today. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, сонымен қатар аталған өңірде азаматтарға жалған құжаттар ұсыну арқылы 26 жер учаскелерін рәсімдегені және 28 жер учаскелерінің орнын заңсыз өзгерту фактілері болған. «Жергілікті атқарушы органдар Түркістан қаласы, Сарыағаш, Сайрам, Төлеби және Түлкібас аудандарындағы 200…
