Ақтөбе облысында әйелін пышақтаған ер адам 6 жылға сотталды
Ақтөбе облысында әйелін пышақтаған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлады Qazaq.today Diapazon.kz-ке сілтеме жасап. Күдікті банк бөлімшесінде консультант болып жұмыс істейтін әйеліне келіп, оны пышақтаған. Салдарынан пышақтың жүзі сынып, жәбірленушінің иығында қалып қойған. Осыған қарамастан ер адам оны денесі мен басынан бірнеше рет ұрған. Мұның бәрін банк қызметкерлері көрген. Әйел шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді….
