Түркістанда түрмедегі жазаны жеңілдету үшін 300 мың теңге алған адам ұсталды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында бір әйел түрмеде жазасын өтеп жатқан адамның жазасын жеңілдетіп беремін деп оның туысынан 300 мың теңге алып, ізін суытқан, деп хабарлады Qazaq.today. Осы оқиғаны полицейлер Қылмыстық кодекстің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Қылмысты ашу мақсатында полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні іздестіріп, тұрғылықты жерінде ұстады. Ұсталған әйелдің бұрын алаяқтығы үшін сотты болғаны анықталды….

Толық оқу

Алматыда автобус қағып өлтірген ерлі-зайыпты жер қойнына тапсырылды

Артында төрт баласы аңырап қалды. Алматыда автобустың астында ажал құшқан ерлі-зайыптыларды туыстары соңғы сапарға шығарып салды. Мектепте қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берген марқұмдардың жұмыстан шығып, енді ғана үйіне бет алған кезі екен. Қара жамылған отбасы енді кінәлілер қатаң жазасын алса дейді. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады. Біріне бауыр, біріне келін. Тағы біреуіне жол көрсетер…

Толық оқу

Қазақстан қызылша ауруының таралуынан алдыңғы орынға шықты

Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) қызылшаның таралуы бойынша Қазақстанды әлемде бірінші орынға қойды, деп хабарлайды Qazaq.today Finprom сайтына сілтеме жасап. Денсаулық сақтау министрлігінің желтоқсан айының басындағы мәліметі бойынша Қазақстанда қызылша жұқтыру жиілігі 100 мың адамға шаққанда 88,9-дан асты, деп хабарлады портал. Қазан айының соңында бұл көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 69-ға тең. Қазақстанда қызылша жұқтырғандар…

Толық оқу

“Жаңа жылмен жеткен қоныстой»: Оралда 360 отбасы баспаналы болды

Орал қаласының Зачаганск кентінде үш бірдей көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Мұнда баспана кезегінде тұрған 360 отбасы қоныстанып жатыр. Бұл жоба «Тұрғын-үй коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында жүзеге асырылып отыр. Соның ішінде үйлер жылдық сыйақы мөлшерлемесі екі пайыздан аспайтын ипотекалық несие беру арқылы сатылған, деп хабарлайды Qazaq.today. Бұл жобаға қатысуға биыл қыркүйек…

Толық оқу

Алматыда қызмет уақытында өрт сөндіруші қаза тапты

Алматыда екі қабатты жеке тұрғын үйдің шатырын шарпыған өртті сөндіру барысында өрт сөндіруші қаза тапты. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today. Ведомствоның хабарлауынша, 25 желтоқсанда сағат 16.56-да Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 19 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру есептоптары Қарасай ауданы Көкөзек ауылындағы өртті…

Толық оқу
Яндекс.Метрика