«Бет сүйегі, жағы сынған»: Таразда сақалды агрессор депутатты соққыға жықты
Тараз қаласында адвокат, Алматы облысы мәслихатының депутаты соққыға жығылды. Депутатты сақалды агрессор жігіт елдің көзінше ұрып, соққының астына алған. Төбелестің басталуына сақалды жігіттің әйелі себепкер болған. Видеодан екі еркектің балалы, оранған әйел отырған диванның жанында ерегісіп тұрғанын көруге болады. Төбелестің шығуына телефон қуаттағышы себепкер болған. Адвокат сақалды жігіт пен оның оранып алған әйелі отырған орындыққа…
