Астанада той өткізбек болған тұрғындарды мейрамхана «әкімшісі» алдап кеткен
Елордалық азамат той ұйымдастыруға уәде беріп, тұрғындарды сан соқтырған, деп хабарлады Polisia.kz. Қазіргі уақытта полицияға алаяқтық әрекеттің құрбаны болған 11 азамат жүгінді. 28 жастағы қала тұрғыны өзін мейрамхана әкімшісі ретінде таныстырып, оны ұйымдастыруға уәде бергені анықталды. Азаматтардың сеніміне кіргені соншалық, олар жалған әкімшіге бір миллион теңге көлемінде алдын ала төлем аударған, бірақ уәде еткен мереке…
