Qnet қаржы пирамидасын ұйымдастырушыға халықаралық іздеу жарияланды

Qnet қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды Qazaq.today Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 2019-2022 жылдары Қызылорда қаласы мен Қызылорда облысының аумағында Qnet қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша 1990 жылы 11 қазанда туған Қазақстан Республикасының азаматы Жұбанаев Алмас Оразалыұлына іздеу жариялады. Оған қатысты «Қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы…

Толық оқу

Ақмола облысында 200 бастан астам жылқы аштан қырылып қалды

Ақмола облысының Біржан сал ауданында жылқы қырылып жатыр. Қыстақтағы малды ауылға жеткізуге жол жоқ. Белуардан келетін қалың қар қыста жауған жаңбырдан сіресіп қатып қалған. Сол себепті тебіндегі жылқы азық таппай, аштан өліп жатыр. Алдындағы малынан айырылған шарасыз шаруалар әкім-қаралардан жалынып көмек сұрап отыр. «Сіздерден көмек сұраймыз. Облыс аппараты неге төтенше жағдай жарияламасқа? Мына жаққа техника…

Толық оқу

Анасын іздеп жүрген Жәнібек Қазақстанға қайта келді

Бельгия азаматы, кезінде Арқалық қаласынан шетелдік жалғызбасты әйелдің асырауына берілген Жәнібек Мұратұлы Жұмағұлов (қазіргі есімі – Эдди Жан) осыдан бірнеше уақыт бұрын елімізге келіп, туған анасын іздеп қайтқан еді. Одан кейін ол шетелге кетіп, енді міне, анасын табу үшін Қазақстанға қайтып келіп отыр. «Құрметті қазақстандық әкелер, аналар, аға-інілер мен әпке-қарындастар! Мен қазір үйдемін. Бірақ соңғы…

Толық оқу

АҚШ-тан пошта арқылы психотроптық заттарды өткізбек болғандар ұсталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті психотроптық заттарды ірі көлемде мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізу фактісін тергеп-тексеріп жатыр, деп хабарлады Qazaq.today  «Қалалық авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен «Жетісу» кеден бекетінің аймағында психотроптық зат – тетрагидроканнабинол (ТГК) бар 84 дана электронды темекі салынған пошта жөнелтілімдері анықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде тағы 103 дана электронды темекі және иісі…

Толық оқу

СҚО-да білім бөлімінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Тимирязев ауданы білім бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. «Лауазымды тұлға делдал арқылы мердігер ұйым өкілінен 1,2 млн теңге мөлшерінде пара алды деген күдікке ілінді. Заңсыз сыйақы екі мектепті күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қою үшін арналған», –…

Толық оқу
Яндекс.Метрика