OLX арқылы астаналықтарды алдаған күдікті ұсталды

Астанада полиция OLX сайты арқылы тұрғындарды алдаған жігітті ұстады, деп хабарлады Polisia.kz. Сарыарқа аудандық полиция бөліміне елордалық тұрғын арызданды. Оның айтуынша, белгісіз біреу OLX сайтында жиһаз жасап беретінін айтып, жарнама қалдырған. Содан күдікті жәбірленушінің ас үй бөлмесіне жиһаз жасау үшін өлшем алып, 1 млн теңгеден аса қаражатты иемденген. Кейін ол байланысқа шықпай қойған. Полиция істі…

Толық оқу

Астананың маңындағы ауылды су басты

Елорда іргесіндегі Талапкер ауылын су басты, деп хабарлады ТЖМ. Целиноград және Шортанды аудандарының егістіктерінен еріген судың үлкен көлемінің келуі салдарынан Талапкер ауылындағы су бұру каналының учаскесін су шайып кетті. Қазір ТЖМ қызметкерлері каналдың бұзылған тұсын құм салынған қаптармен нығайтып жатыр. Ауыл тұрғындарынан сабыр сақтауды және құтқарушылардың нұсқауын орындайды сұраймыз, — деп жазылған хабарламада.    

Толық оқу

Олжас Бектенов Ақтөбе облысындағы қауіпті аймақтан ауыл тұрғындарын эвакуациялауды жеделдетуді тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов Ақтөбе облысындағы су тасқынына байланысты жағдайды тексеріп, мемлекет басшысы тапсырмаларының жергілікті жерлерде орындалу барысымен танысты, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі. Үкімет басшысы бірқатар су қоймасын тікұшақпен аралап, су тасқынынан зардап шеккен үйлерге барды. Сондай-ақ ахуалдық орталықтың жұмысымен танысып, республикалық штабтың отырысын өткізді. Сол жерде Олжас Бектенов су басқан үйлердің жай-күйін қарап, тұрғындардың баспаналарын…

Толық оқу

Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрған 2 қазақстандық Түркияда ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі Түркияның құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесе отырып, Қазақстанның іздеуде жүрген 2 азаматын ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктілер 3 сәуірде Ыстамбұл қаласынан Алматы қаласына этаппен жіберілген. Олар аса ірі мөлшерде алтынның контрабандасын ұйымдастырып, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрған. Ұсталған азаматтар тергеу изоляторына қамалды….

Толық оқу

Елтаңбада тарихты көрсететін символ болу керек – депутат

Фото: Әсет Құндақбаев Елтаңба өзінің функционалды міндетін атқарып тұрған жоқ. Елтаңбаның берер ойын еліміздегі көптеген адам түсінбейді. Қоғам белсенділері мен депутаттар елтаңбаны өзгерту туралы пікірлерін білдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Ал шетелдіктер елтаңбамыздың мағынасын, берер ойын мүлдем түсінбейді. ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Еркін Әбілдің айтуынша, елтаңбаны өзгерту туралы ойды қоғамның ашық талқысына шығару…

Толық оқу
Яндекс.Метрика