Путин Ким Чен Ынге көлік сыйлады

Бұл туралы РИА Новости Солтүстік Кореяның Орталық телеграф агенттігіне сілтеме жасап жазған. 18 ақпанда ресейлік тараптан берілген сыйлықты КХДР Жұмысшылар партиясы орталық комитетінің хатшысы Пак Чон Чон мен партияның Орталық комитеті бөлім меңгерушісінің орынбасары, Солтүстік Корея лидерінің әпкесі Ким Йо Чен қабылдаған.  «КХДР Мемлекеттік істерінің төрағасы жолдас Ким Чен Ынға Ресей президенті Владимир Владимирович Путин Ресейде…

Толық оқу

Армения Украина мәселесінде Ресейдің одақтасы емес – Пашинян

Премьер бұл бағыт Украинадағы жағдайға да қолданылуы керектігін атап өтті. Пашинян Армения Украинаға қатысты мәселелерде Ресейдің одақтасы емес деген бұрынғы ұстанымын растап, Армения бұл жағдайға әсер ете алмайтынына өкініш білдірген. Ол сондай-ақ, Украина халқымен достық қарым-қатынаста екенін атап өтті. Ресей мен Армения арасындағы қарым-қатынас барған сайын шиеленісті сипатқа ие болып барады. Ереван ауық-ауық Мәскеуді сенімсіз…

Толық оқу

G7 елдері Навальныйдың өлімінің мән-жайын түсіндіруді талап етіп отыр

17 ақпанда G7 Сыртқы істер министрлері Италияның төрағалығымен өткен Мюнхен қауіпсіздік конференциясы аясында кездесті. Отырыс Навальныйды бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Іс-шара барысында СІМ басшылары Ресей билігін қайтыс болған саясаткердің қайтыс болу жағдайларын ашуға, сондай-ақ саяси келіспеушілікті қудалауды, бостандықты жүйелі түрде басуды және азаматтық құқықтарды негізсіз шектеуді тоқтатуға шақырды. «Олар (Министрлер-ред.) заңды саяси қызметі…

Толық оқу

Навальныйдың анасы баласының денесін таба алмай отыр

Ресей билігіне оппозицияда болған Алексей Навальныйдың денесі туған-туыстарына берілмей отыр. Оның анасы Людмила Навальная мен адвокаты Василий Дубков Ямал-Ненец автономиялы облысының орталығы Салехард қаласына барғанда саясаткердің денесі мәйітханада болмаған. Бұл туралы BBC хабарлады. Агенттіктің хабарлауынша, «Полярный волк» колониясында Алексей Навальныйдың анасы мен адвокатына оппозиционердің денесі Салехардтағы мәйітханаға жөнелтілген деп айтқан. Бірақ олар мәйітханаға барғанда ол…

Толық оқу

Рамзан Қадыровтың 18 жастағы ұлы министр болды

Рамзан Қадыровтың кенже ұлы Ахмат Қадыров орден тағынып, жоғары лауазымды қызметке тағайындалды — Шешенстан басшысының 18 жастағы ұлы Республиканың жастар ісі жөніндегі министрі болды. Бұл туралы Шешенстан парламентінің төрағасы Магомед Даудов құттықтап, жазба жариялады. «Менің қымбатты жиенім Шешенстан республикасының жастар ісі жөніндегі министрі Ахмат Қадыровты Қадыров орденімен құттықтаймын! Мен оған бүгін «Техноспорт первых» спорт фестивалінің…

Толық оқу
Яндекс.Метрика