Тоқаев: Билікте енді отбасылық-кландық жүйе жоқ
Фото: Ақорда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық Тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде елімізде билік жүйесінде отбасылық-кландық құрылымның жойылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaq.today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. «Бүгінде біз бүкіл халық болып бірлікпен Әділетті, Таза әрі Күшті Қазақстанды құрып жатырмыз. Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үшін маңызды реформалар жүргіздік. Бұл — ауқымды да күрделі жұмыс,…
