Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанда бой көрсетті
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанға барды, деп хабарлайды Qazaq.today «Өзбекстан 24» телеарнасына сілтеме жасап. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 6 қыркүйекте Шавкат Мирзиёев онымен Бұхарада бейресми кездесу өткізген. Назарбаев қалаға көне сәулет ескерткіштерін аралау үшін келгені атап өтілді.
