Әлеуметтік желі балаларды ғана емес, үлкендерді де зомбиге айналдырып жатыр – Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихаттар депутаттарының ІІ республикалық форумына қатысып, балалар қауіпсіздігі тақырыбына тоқталды. Президенттің сөзінше, қоғамда болып жатқан көптеген мәселенің түп-тамыры ата-ананың бала тәрбиесіне өз деңгейінде араласпауынан. «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтарын қорғау, олардың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасау – мемлекеттік саясаттың ең басты басымдығы. Салалық министрлік болсын, әкімдік немесе құқық қорғау құрылымы…
