Category Archives: Саясат

Путин Трамппен телефон арқылы сөйлескен жоқ – Песков

Бұл туралы Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп жазады Qazaq.today ақпарат порталы.

«Ешқандай әңгіме болған жоқ», — деді Песков дүйсенбіде журналистерге телефон қоңырауына қатысты сұраққа жауап беріп.

«Бүгінгі хабарлама кейде тіпті беделді басылымдарда жарияланатын ақпарат сапасының ең айқын мысалы, бұл шындыққа жанаспайды, жай ғана жалған ақпарат», – деп атап өтті ол.

Санжар Әділов Ішкі істер министрінің орынбасары болды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

«Мемлекет басшысының өкімімен Санжар Аскенұлы Әділов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды», — делінген құжатта.

Айта кетейік, Санжар Әділов 1977 жылы 26 қыркүйекте Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.

Еңбек жолын тергеуші болып бастаған.

Осы тағайындауға дейін ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы, Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы қызметтерін атқарды.

Трамп пен Харрис тек келеді: АҚШ-тағы саяси науқан шарықтау шегіне жетті

Америкада саяси науқан шарықтау шегіне жетіп, президенттікке таласқан қос  үміткер сайлаушылармен соңғы кездесулерін өткізді. АҚШ-та президенттік сайлауға бірнеше сағат қалған кезде, үміткерлер соңғы кездесулерін өткізді, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі Euronews-ке сілтеме жасап.

Республикалық партияның кандидаты Дональд Трамп Солтүстік Каролина, Пенсильвания және Мичиганда сөз сөйледі. Оның басты тақырыптарының бірі заңсыз көші-қон мәселесі болды. Трамп егер Мексика үкіметі шекара арқылы келетін мигранттар ағынын тоқтатпаса, Мексикадан келетін барлық импортқа 25 пайыздық баж салығын енгізу жоспарын жариялады.

Демократиялық партия атынан сайлауға түсіп жатқан Камала Харрис науқанның соңғы күнінде Пенсильванияға барды. Вице-президент Скрантон, Аллентаун, Рединг, Питтсбург және Филадельфия қалаларында сайлаушылармен кездесті.

Трамп пен Харристің сайлау штабтары Пенсильванияны ең маңызды штат деп санайды, себебі ол ең көп — 19 сайлаушылар дауысына ие.

Қазіргі уақытта президенттік жарыста айқын фаворит жоқ.

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Республикасына мемлекеттік сапармен келді

Париж әуежайында Қазақстан Президентін Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро қарсы алды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Ертең Елисей сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Президенті Эмманюэль Макрон келіссөз жүргізеді.

Тоқаев транскаспий бағытын дамытуға басымдық берілетінін айтты

Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту басты басымдық. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 36-шы пленарлық отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

«Қазіргі геосаяси жағдай Қазақстаннан негізгі Еуразиялық транзиттік хаб ретіндегі ұстанымын нығайтуды талап етеді. Біз 11 000 шақырым ескі теміржолды қайта құруды және 5000 шақырымнан астам жаңа теміржол желілерін салуды жоспарлап отырмыз. Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту басты басымдық саналады. Бұл Еуропа мен Азия арасындағы сауда байланысын қамтамасыз етеді. Өткізу қабілеті жылына — 10 миллион тонна жүк. Сондықтан біз жаңа жүк терминалдарын салу және жүк көліктерін бірлесіп шығару арқылы Орта дәліздің инфрақұрылымын дамытудағы инвестициялық мүмкіндіктерге басымдық береміз», — деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дамуы үшін көлік желілерін кешенді дамыту да аса маңызды екендігін аса айтты.

«Тек осы жылы ғана біз 12 мың шақырымға жуық жолды жөндедік және салдық», — деді Президент.