Category Archives: Саясат

Тоқаев Путиннің мәлімдесінен кейін түн ішінде шұғыл тапсырма берді

Ресей президенті Владимир Путин 19 мен 21 қарашада Курск пен Брянск облыстарындағы нысандарға соққы жасалғанын мәлімдеме жасаған еді. Осыдан кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке тиісті тапсырма берді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрге, президент әкімшілігінің басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.Парламент палаталарының төрағалары қабылданып жатқан іс-қимыл туралы хабардар етілді.Президент еліміздегі жағдайды өз бақылауында ұстап отыр. Біздің еліміз үшін басты стратегиялық мақсат – тұрақтылықты, тыныштықты, заң мен тәртіп үстемдігін сақтау. Қазақстан славян екі халық арасындағы қақтығысты келіссөз арқылы тоқтату қажет екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын, — деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Бұған дейін РФ преизденті Владимир Путин Украинадағы қақтығыстың жаһандық деңгейге өткенін мәлімдеген.

Тоқаев «Лукойл» компаниясының акционері Вагит Алекперовті қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» компаниясының акционері Вагит Алекперовті қабылдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Мемлекет басшысы компания акционерімен энергетика саласындағы бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Президентке «Лукойл» атқарған жұмыстардың нәтижелері мен болашақ жоспарлары туралы мәлімет берілді.

«Кездесуде өзара мүдделі ықпалдастықтың перспективті бағыттары қарастырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» сияқты ірі компаниялармен ынтымақтастықтың тұрақты дамуы энергетика саласын жаңғыртуға және еліміздің экономикалық әлеуетін нығайтуға септігін тигізетінін айтты», — делінген хабарламада.

Зеленский: «АҚШ көмегін тоқтатса, Украина жеңіледі»

Киев, Украина (20 қараша 2024) — Украина президенті Владимир Зеленский Fox News арнасына берген сұхбатында АҚШ-тың Киевке қолдау көрсетуді тоқтатуы Украинаның соғыста жеңілуіне әкеп соқтыруы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы Qazaq.today хабарлады.

«Егер АҚШ көмекті қысқартса, біз жеңілеміз деп ойлаймын. Әрине, бізде өз өндірісіміз бар, бірақ бұл жеңіске жету үшін жеткіліксіз», — деді Зеленский.

Сондай-ақ, ол журналистің «Трамп Путинді соғысты тоқтатуға көндіре ала ма?» деген сұрағына жауап берді.

«Оны көндіру оңай шаруа емес. Бірақ АҚШ өзінің барлық мүмкіндігін пайдаланса, алынбайтын қамал жоқ деп ойлаймын. Путиннен әлдеқайда күшті Америка Құрама Штаттарының ықпалы зор», — деді Зеленский.

Тоқаев көктемгі су тасқынында көмек көрсеткені үшін Сербия халқына алғыс айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия президенті Александр Вучичпен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Бұл туралы Qazaq.today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытқаны үшін Александр Вучичке ризашылығын білдіріп, Қазақстан президенті ретіндегі Сербияға алғашқы сапарының мәні ерекше екенін айтты. Сонымен қатар бұл сапар қазақ-серб қарым-қатынасының жаңа кезеңіне жол ашатынын атап өтті.

«Мемлекет басшысы екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық халықтар достығына, саяси диалог пен өзара қолдауға ұдайы арқа сүйейтінін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, соңғы жылдары Астана мен Белград экономикалық ықпалдастықты нығайту үшін нақты шаралар қабылдап, сауда және инвестициялық байланыстарды белсенді дамытып келе жатыр.

Орайлы сәтті пайдалана отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев көктемгі су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін Александр Вучич пен Сербия халқына алғыс айтты. Мемлекет басшысы мұны екі ел арасындағы шынайы достықтың жарқын көрінісі ретінде бағалады.

Александр Вучич екі елдің ынтымақтастығы өзара құрмет пен сенім негізінде дамып келе жатқанын атап өтті. Сербия Президентінің айтуынша, Белград Қазақстанмен экономикалық байланыстарды, соның ішінде сауда, инвестиция секілді басты бағыттар бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру арқылы ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге ниетті», — делінген Ақорда хабарламасында.

Александр Вучич Сербияның елімізбен саяси диалогты нығайтуға бейіл екенін растап, халықаралық аренадағы іс-қимылды үйлестірудің маңызына тоқталды.

Кездесуде мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Сербия арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтудың перспективасын, екіжақты ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады. Бұдан бөлек тараптар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Президент Оман Сұлтанына құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің және Қазақстан халқының атынан Хайсам бен Тариқ Әл Саид пен оның отандастарын Оман сұлтандығының төл мерекесі – Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы жеделхатында Оман Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді серіктесі саналатынын айтты. Сонымен қатар екіжақты қарым-қатынас қос халықтың игілігі үшін дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саидтің аса жауапты қызметі мен барлық бастамасына табыс, ал Оман халқына құт-береке тіледі.