Трамп пен Путиннің қандай келісімге келгені белгілі болды

Фото: Сергей Гунеев/РИА Новости Сейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, келіссөзге өте жақсы деп баға берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. «Біз энергетика мен инфрақұрылым бойынша атысты дереу тоқтату туралы келісімге келдік. Алдағы уақытта атыстың толық тоқтатылуы және Ресей мен Украина арасындағы осы соғыстың аяқталуына қол жеткізу…

Толық оқу

Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Македония Президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Қасым-Жомарт Тоқаев Кочани қаласында болған өрттен көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өз атынан Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давковаға және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтып, жарақат алған азаматтардың тезірек…

Толық оқу

Биылдан бастап барлық аудан әкімдерін халық тікелей сайлайтын болады

Фото: cbsnmr.ru Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV отырысында үш жылдан астам уақыт ішінде ауыл әкімдерінің 72 пайызы жаңарғаны сөз болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. «Жергілікті билік түбегейлі жаңғыртылды. Үш жылдан астам уақыт ішінде ауыл әкімдерінің 72 пайызы жаңарды. Оның үштен бірі – бұрын мемлекеттік қызметте болмаған азаматтар. Бір сөзбен айтсақ, аймақтардағы атқарушы билікке…

Толық оқу

Президент: Үш жылдың ішінде Қазақстан жаңа тұрпатты ел болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV отырысында сөз сөйледі, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. «Ең алдымен бүгін Амал күні баршаңызға құтты болсын дегім келеді. Қыстан аман-есен шығып, ағайын-бауырмен көрісу – ежелден келе жатқан ата дәстүріміз. Бұл күн – Әз-Наурыздың бастауы. Еліміздің төл мерекесі биыл да қасиетті Ораза айына орайлас келіп отыр. Қастерлі…

Толық оқу

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың IV отырысы басталды

Бурабайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың IV отырысы басталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Жиында Мемлекет басшысы сөз сөйлейді. Сондай-ақ, Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады. Айта кету керек, құрылтайдың панельдік сессиялары кеше басталған. Ол секциялардың тақырыптары азаматтық қоғам, мәдениет, өнер, руханият, білім және ғылым, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін қамтыды.

Толық оқу