Назарбаев пендешілікке бой алдырды – Әлихан Бәйменов

«Ақ жол» партиясының құрылтайшысы Әлихан Бәйменов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тарихта кім болып қалатыны туралы айтты. Ол Қасқа жол бағдарламсына берген сұхбатында Назарбаевтың еңбегін елемеуге болмайтынын мәлімдеді. «1991-1995 жылдары ол кісінің көшбасшылығы маңызды болды. Тәуелсіздік алғаннан бір жыл бұрын Мәскеуде өткен КСРО халық депутаттарының съезі кезінде ол тек Қазақстан емес, КСРО-ға кіретін басқа елдерге танымал болды….

Толық оқу

Швейцариялық банкте Назарбаевтар әулетінің шотынан 5 млрд 150 млн доллар табылды

Швейцариялық Credit Suisse банкінің деректері таралуы кезінде Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев әулетінің осы банктегі қаражаты туралы белгілі болды. Бұл туралы OCCRP хабарлайды. Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Құлыбаева мен оның күйеуі Тимур Құлыбаевтың Credit Suisse-те 2008-2012 жылдар аралығында есепшоттары болған. Осы уақыт ішінде олардың есепшоттарына шамамен 5 миллиард доллар болды. Қазақстанның экс-президентінің үлкен қызы Дариға Назарбаеваның 2008-2012…

Толық оқу

Тоқаев отбасының шетелдік құпиясы: президенттің офшорлары табылды

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың басым бөлігі халықтың табысы арасындағы теңсіздікке жауапты деп санайтын бірінші президенттен өзін аулақ ұстауға тырысады. Дегенмен Тоқаев отбасының да шетелдік құпиясы бар: көл жағасындағы таунхаустар, Мәскеудегі пәтерлер мен Швейцария банкіндегі есепшот және офшорға апаратын ақша ізі. Бұл туралы Orda.kz Vласть және OCCRP-дің президент Тоқаевтың офшор құпиялары жайлы бірлескен зерттеуіне сілтеме жасап хабарлайды. Кейінгі апталарда Қазақстан…

Толық оқу

Әбілов Заманбек Нұрқаділовтің қазасы туралы айтты

Қазақстандық кәсіпкер, қоғам қайраткері, 1990 жылдары Нұрсұлтан Назарбаевтың штаттан тыс кеңесшісі болған Болат Әбілов саясатқа оралуы туралы, ағайынды Нығматуллиндермен болған жанжалды видео туралы айтты. Сондай-ақ, Болат Әбілов Заманбек Нұрқаділовтің қазасына байланысты деректермен бөлісті. Рахат Әлиев Нұрқаділовті өлтіруге тапсырыс берді дегенге сенбеймін. Ол бұны істей алмайтын еді. 2005 жылы өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды деді. Үйінің…

Толық оқу

Тоқаев арқасына үтік басылған талдықорғандық азамат туралы пікір білдірді

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan телеарнасына сұхбат берді. Сұхбат барысында «Қаңтар оқиғасына» қатысты сұрақтар қойылып, мемлекет басшысы жауап берді. – Біз қаралы, қасіретті күндерді бастан өткердік. Оны мойындауымыз керек. Тәуелсіздік жылдары көптеген сынаққа тап болдық. Оны ел болып еңсердік. Бірақ дәл осындай қарақшылардың әрекетін бірінші рет көріп отырмыз. Отанына қызмет ететін азаматтар мұндай опасыздыққа…

Толық оқу