Алакөл ауданында жас жұбайлар дауыс берді
Жетісу облысында той көйлекпен сайлауға барған жас жұбайлар дауыс берді. Алакөл ауданының орталығы Үшаралда жас жұбайлар тойды сайлау учаскесіне барудан бастаған.Несіпбек әулетінде шаңырақ көтерген жастардың тойы елдегі саяси науқанмен қатар келген. Үшарал қаласының тұрғындары Несіпбек Асхат және Дәуренқызы Әсем бүгін отау тікті. Жас жұбайлар өмірлеріндегі маңызды күн бола тұра, республикалық саяси науқанға да көңіл бөлген….
