Category Archives: Саясат

Түркиядағы жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 38 мыңнан асты

Түркиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 38 мыңнан асты. Бұл туралы  Түркияның Төтенше жағдайлар жөніндегі үкіметтік басқармасы мәлімдеген, деп хабарлады Qazaq.today Azattyq Ruhy -на сілтеме жасап.

«Соңғы ақпаратқа сәйкес, Кахраманмараш, Газиантеп, Шанлыурф, Диярбакыр, Адана, Адыяман, Османие, Хатай, Килис, Малатье және Элазигте барлығы 38 044 адам (жер сілкінісінен) қаза тапты. Өңірде алғашқы жер сілкінісінен бері 4,7 мыңнан астам жерасты дүмпуі болды», — деп хабарлады ведомство.

Айта кетейік, Қазақстан Түркияға тағы 55 тонна гуманитарлық көмек жіберді. ҚР Үкіметі апат болған алғашы күні-ақ Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек жөнелткен болатын.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы шұғыл жәрдем ретінде 1 миллион доллар бөлінетінін хабарлады. Бұдан бөлек, қазір зілзала болған аймақта қазақстандық құтқарушылар да адамдарды іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал қазақстандық еріктілер Кахраманмараш қаласында 100 қазақ үйін тігіп жатыр.

 

Qazaq.today

Риддерде төтенше жағдай режимі алынып тасталды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі алынды, деп хабарлайды Qazaq.today ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

ШҚО әкімдігінің мәліметінше, «Риддер ЖЭО» АҚ иесі ауысқалы бері ақаулар тыйылып, жылу мәселесі шешімін тауып келеді.

Қазіргі уақытта орталық штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

ЖЭО иелері келесі жылыту маусымына дейін жүргізілетін жөндеу жұмыстарының кестесін жасауда.

«Осындай қиын кезде дүрбелеңге бой алдырмай, қауесеттерге сенбей, болып жатқан жағдайларға түсіністікпен қараған Риддер қаласының тұрғындарына алғысымды білдіремін. Риддер әкіміне жылу электр орталығының қазір ақаусыз жұмыс істеуіне байланысты қаладағы жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимін алып тастауды тапсырдым», — дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Осылайша, Риддерде енгізілген төтенше жағдай барлығы үш айға созылып отыр.

Еске салсақ, қаңтар айында Риддердегі жылу электр орталығының иесі ауысқанын хабарлаған едік.

 

Qazaq.today

Түркияда президент сайлауы кейінге қалуы мүмкін

14 мамырға жоспарланған Түркиядағы президенттік сайлау жер сілкінісінің салдарынан кейінге қалдырылуы немесе тоқтатылуы мүмкін. Бұл туралы TRT Haber телеарнасында айтылды, деп хабарлайды, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq-ruhy-на сілтеме жасап. 

Десе де билеуші Әділет және даму партиясында сайлаудың күшін жою қазіргі уақытта талқыланып жатқан жоқ. Бірақ, тұп-тура 14 мамыр болмауы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.

Ал Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сайлауды бір жылға кейінге қалдыруы мүмкін деген «оппозициялық Халықтық-республикалық партияның» қауесеті бар делінген.

«Жақсы партияның» төрағасы Мерал Ақшене де дауыс беруді кейінге қалдыруға болатынын айтты.

Сонымен бірге, телеарна Түркия заңы бойынша сайлауды кейінге қалдырудың жалғыз ерекшелігі-соғыс жағдайы екенін еске салды.

 

Qazaq.today

«Бізде пияз мәселесі жоқ»

Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин пияз бағасы өсті деген сөзбен келіспейтінін айтты, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Сенат кулуарында журналистер Жұманғариннен пияз бағасының қымбаттау себебін сұраған.

«Мен сізбен келіспеймін. Баға қазіргі уақытта тұрақтанды. Әрине, сіздер айтпасаңыздар, пияз мәселесін адам білмейтін еді. Бірақ БАҚ-тың сондай күші бар. Пияз деген жетеді. Экспортты жауып тастадық. Пияз деген Қазақстанда жеткілікті. Баға – 130 теңге. Астанада «Магнум» дүкеніндегі баға сондай. Кеше «Магнум» өзі тексеріс жүргізіп, тауарды кезек-кезекпен қайта-қайта алып, базар арқылы сатып жатқан 19 кісіні анықтады. Ол деген дұрыс емес қой. Біз осы тауарды халыққа арзандатып, 130 теңгеден сатып жатырмыз», — дейді ол.

Жұманғариннің айтуынша, азық-түліктің сапасы төмен деген әңгіме басталған.

«Барып тексердік. Сапасы жақсы. Әрине, арасында кесілгені, езілгені болады. Картопта да сондайы кездеседі. Әрбір әкімдікке индикациялық баға бердік. Осындай бағамен сатасыз деп. Биыл инфляцияның деңгейі 9,5 пайыздан аспайды. Соған байланысты Статистика бюросымен бірігіп бағаның индикаторларын жасадық. Дұрыстап айналым схемасы арқылы алған әкімшілік шығын көрмейді. Кезінде пиязды қорларға салып 45-50 теңгеден алуға болатын еді. Картоп 60-70 теңгеден болды. Делдалдар арқылы алып жатқандарға әрине қиын», — дейді шенеунік.

Пияздың қымбаттауына журналистер кінәлі ме деген сауалға министр: «Олай айтқан жоқпын. Бос жарнама жасамасаңыздар. Пияз жеткілікті, ешқандай даурығудың қажеті жоқ» деп ескертті.

 

Qazaq.today

«Саяхат» автовокзалы аумағында үй тұрғызылуы мүмкін

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі қалада бұрын «Саяхат» автовокзалы орналасқан аумақта тұрғын үй кешені салынуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап. 

Шенеуніктердің айтуынша, қазіргі уақытта автовокзал жері мемлекет меншігінде емес. Бірнеше жыл бұрын оны жеке компания сатып алған.

«Жер учаскесінің иесі 2018 жылғы 1 қазандағы сатып алу-сату шарты негізінде Sayahat Realty ЖШС саналады. Жер телімінің нысаналы мақсаты — коммерциялық үй-жайлары мен жерасты автотұрағы бар көп функционалды тұрғын үй кешені.

Қазіргі уақытта алаң қоршалған, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілмейді. Жоба алдындағы құжаттаманың толық пакеті жоқ», — деді қала құрылысын бақылау басқармасы өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін алматылықтар «Саяхат» автовокзалы ауданындағы шектеулерге шағымданғаны хабарланған болатын. Олардың айтуынша, қаланың қақ ортасында бес гектар аумақ темір қоршаумен қоршалған және автотұраққа рұқсат жоқ.

 

Qazaq.today