«Басып алуға құқылы»: Ресей тағы да «Солтүстік Қазақстанды қайтару» туралы мәселені көтерді
Бұл жолы арандату мәлімдемесін Ресейдің пропагандист журналисті Дмитрий Стешин «Комсомольская правда» радиосының тікелей эфирінде айтқан. https://youtu.be/ZNIzmu3Age8 Ресейдегі пропаганда жасайтын басылымдардың бірі «Комсомольская правда» радиосының журналисті Дмитрий Стешин тікелей эфирде Қазақстанға қатысты, соның ішінде, Солтүстік Қазақстан туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Ол тікелей эфирдегі сұхбатта «Мәскеу Қазақстанның солтүстігін қайтарып алуы тиіс» деген мағынадағы…
