Тоқаев Путинге құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді осы елдің мемлекеттік мерекесі – Ресей күнімен құттықтады, деп жазды Ақорда. – Елдеріміздің арасындағы достық және тату көршілік қатынастардың деңгейі жоғары. Бұл стратегиялық серіктестік және одақтастық рухына толықтай сай келеді, – делінген жеделхатта. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің елінің өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.  

Толық оқу

Жамбыл облысында Экология департаментінің басшысы сотталды

Тараз қаласының соты Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшысы Т.Смағұлов, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС Бас директорының орынбасары Б.Полатбеков және осы кәсіпорынның экологы М. Асанға қатысты үкімді жариялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. — Смағұлов пара алғаны үшін, ал зауыт өкілдері экологиялық заңнаманың сақталуын тексеру кезінде бұзушылықтарды жоюға мүмкіндік бергені, жалпы қамқорлығы және пара бергені үшін…

Толық оқу

Homay хитінің орындаушылары елімізде бейнебаян түсірді

Фото: vk.com/ayyola.music Homay трегі арқылы танымал болған башқұрттың этно-поп Ay Yola тобы жаңа бейнебаян түсіру үшін Қазақстанды таңдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы turkystan.kz-ке сілтеп.  Музыканттар Yola композициясына арналған бейнебаянды Маңғыстаудың көркем табиғи орындарында түсіріп, этникалық сарындар мен өңірдің табиғи сұлулығын көрсеткен. Топ мүшелерінің айтуынша, бейнебаян башқұрт эпосы мен қазақ жерінің көріністерін байланыстыратын өзіндік көпір…

Толық оқу

Алдағы күндері елімізде аптап ыстық болмақ

2025 жылдың 12-14 маусымы аралығында Қазақстанда күн қатты ысып, жауын жауады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. «Қазгидрометтің» мәліметінше, оңтүстік өңірге 30-38 градус ыстық келеді. Солтүстік өңірлерде күндізгі күн райы 25-33 градус ыстық болса, кейбір өңірлерде қатты жауын жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Айта кетейік, бүгін, 11 маусым күні Қазақстанның түгел аймағында күн ысып тұр. Күндіз Алматы, Жетісу,…

Толық оқу

Алматы маңында жер сілкінді

Бүгін Астана уақытымен 9:45-те ҚР ТЖМ «ҰСЖЗО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Жер сілкінісінің координаттары: солтүстік ендік 36,860, шығыс бойлық 70,868. «Жер сілкінісінің ошағы Ауғанстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 873 км қашықтықта орналасқан», – делінген хабарламада. Қазақстан аумағында жер сілкінісінің сезілуі туралы мәліметтер жоқ.

Толық оқу
Яндекс.Метрика