Қостанайда мысығы тістеп алған әйел көз жұмды
Қостанай облысы Қамысты ауданының тұрғыны үй мысығы тістеп алған соң құтырма ауруынан көз жұмды, деп хабарлайды «Наша газета» басылымына сілтеме жасаған Qazaq.today. Науқас әйел Лисаков қалалық ауруханасына құтырма ауруының клиникалық белгілерімен жеткізілген. Өкінішке қарай, пациентті аман алып қалу мүмкін болмаған. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Баймұхаметовтің айтуынша, эпидемиологиялық тергеу барысында зардап шегушіні үй…
