Қаза тапқандар бар: Астана маңында ұшақ апаты болды
2025 жылғы 22 маусымда Астанадан 13 шақырым жердегі Жоламан аэродромы маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады. Министрлік таратқан алдын ала ақпаратқа сәйкес, сағат 11:30 шамасында оқу-жаттығу ұшуын орындау барысында TL-2000 маркалы жеңіл әуе көлігі апатқа ұшыраған. Ұшақ жеке тұлғаға тиесілі болған. Бортта болған екі экипаж мүшесі оқиға орнында көз жұмған. Қазір апаттың себептерін анықтау үшін…
