Тоқаев Еуразиялық экономикалық форумға қатысу үшін Беларуське жетті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Минск қаласына ұшып келді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Ақорданың ақпаратынша, мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына және Еуразиялық экономикалық форумға қатысады. Еуразиялық экономикалық форум мен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы 26-27 маусым күндері өтеді.

Толық оқу

Бір күнде 2 адам суға батқан Сайран көлінің айналасы қоршалды

Бүгін су қоймасының маңына «Шомылуға тыйым салынады» деген ескерту жазулары бар темір қоршаулар орнатылды. Көл маңында полиция қызметкерлері кезекшілік атқарып жатыр, суға кіруге уақытша тыйым салынған, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құтқару қайықтары жеткізілді. Нысан маңында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соған қарамастан, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтар көл маңында…

Толық оқу

Қазақстандық белгілі актер АҚШ-та адам өмірін құтқарып қалды (ВИДЕО)

Қазақстандық актер Сануржан Сүлеймен АҚШ-та ер адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Оқиға Лос-Анджелес маңында болған. Оқиғаның куәгері, актриса Айдана Сахаридің айтуынша, көлік жардан шығып кетіп, өртеніп кеткен. Сануржан бір сәтке де ойланбастан жанып жатқан көлікке жүгіріп барып, зардап шеккен адамды сыртқа алып шыққан. Оның ерлігі мен батылдығының арқасында ер адам…

Толық оқу

Өскеменде 350 үй жарықсыз қалды

«Бірлескен энергосервис компаниясы» акционерлік қоғамы баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат салдарынан Куленовка шағынауданында 350 отбасы жарықсыз қалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. «Жарықтың сөндірілуіне жол бойымен жүргізілген жерасты кабельдерінің зақымдануы себеп болған. Бұл жағдай жөндеу жұмыстарын жүргізуге қиындық тудырды», – деп хабарлады компания өкілдері. Мамандардың айтуынша, жарық жөндеу жұмыстары аяқталған соң бірден беріледі.

Толық оқу

Баянауыл ұлттық паркінде қарақұрттар тағы қаптады

Соңғы үш жыл аралығында Баянауыл туристік аймағында улы жәндік – қарақұрт күрт көбейді. Соның салдарынан туристердің алаңсыз демалуы қиындады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Әсіресе, жазғы уақытта Баянауылдағы Торайғыр көлінің жағасында демалуды қалайтындар көп. Бұл жердің табиғаты да ерекше. Алайда қарақұрттардың осы маңда көп болуы қауіп төндірмей қоймайды. Таяуда «Баянауыл» ұлттық табиғи паркінің мамандары…

Толық оқу
Яндекс.Метрика