Мальдивте демалып жүрген ресейлік туристер күтпеген жағдайға тап болды

Мальдив аралдарында ресейлік туристер мінген ұшақ дауыл салдарынан мұхитқа екі рет шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. Ресейлік Телеграм арнаның хабарлауынша, оқиға 28 маусым күні болған. Белгілі болғандай, саяхатшылар бір аралдан екіншісіне ұшпақ болған. Жеңіл моторлы ұшақ ұшар алдында ауа райы күрт бұзылып, пилоттар рейске ұзақ дайындалған. Аспанға көтерілгеннен кейін ұшақ биіктігін жоғалта бастаған….

Толық оқу

Домбыра – ұлттың болмысы, халықтың қазынасы — Мемлекет басшысы

Фото: Ақорда Президент алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. – Домбыра – ұлт болмысы, халық қазынасы. «Қазақ – нағыз қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра». Әсіресе, өскелең ұрпақтың домбыраға деген ықыласы ерекше. Жастар төл мәдениетімізді терең түсініп, салт-дәстүрімізге құрметпен қарайды. Бұл – өте жақсы үрдіс….

Толық оқу

Мереке күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейді

Қазақстанда 6-7 шілде күні елорда күніне байланысты ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. Бұл ретте, сенбі, 5 шілде күні кезекші ХҚКО-лар мен МХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Бұл күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары 9:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді, мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау 12:00-ге дейін жүзеге асады, ал дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алып кетуге…

Толық оқу

Астанада тағы бір автобус жол апатына ұшырап, үш адам ауруханаға түсті (ВИДЕО)

Астанада жолаушылар автобусы жеңіл автокөлікке жол бермей, апатқа ұшырады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеп. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарап жатыр. Қалалық полиция департаментінің ақпаратынша, жол апаты кеше, 3 шілде күні болған. «Қосшығұлұлы көшесімен келе жатқан автобустың жүргізушісі Серкебаев көшесімен қиылыста маневрді аяқтаған Ford автокөлігіне жол бермей, онымен соқтығысқан. Салдарынан автобустың…

Толық оқу

Мәскеуде Әзербайжандық қылмыс әлемінің серкесі ұсталды

Ресей астанасында «Вагиф Бакинский» лақап атымен танымал Вагиф Сулейманов тұтқындалды. Ол Әзербайжаннан шыққан, криминалдық ортада ықпалды «вор в законе» ретінде белгілі. Вагиф Сулейманов 1965 жылы 15 тамызда Тбилисиде дүниеге келген. Кейін Бакуге, одан соң 1990-жылдары Ресейге қоныс аударған. 2006 жылы Мәскеуде есірткі сақтағаны үшін тұтқындалған. РБК дерегінше, ол бірнеше мәрте сотты болған. 2013 жылы түрмеден шыққан соң, Сулейманов 18 миллион…

Толық оқу
Яндекс.Метрика