«Өздерін ақсүйекпіз, қазақтарды қара сүйек деді»: Сапар Ысқақов Шыңғыс ханды емес қазақ хандарын ұлықтауға шақырды (ВИДЕО)

Жиһангер, құрылысшы, меценат Сапар Ысқақов “Qasqa jol” подкастында қазақтың тарихы мен туризмі туралы сүбелі ойларын ортаға салды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. “Неге біз өз бабаларымызды, мықты хандарымызды білмейміз? Шыңғысханның мақсаты елдерді жаулап алу болған. Өртеді, жойды, жаулады, құлдықша алды. Сол құлдыққа алынғандардың бірі Сұлтан Бейбарыс пен Қалауын болған. Олар кейін билік басына дейін…

Толық оқу

Перизат Қайрат үкіммен келіспейді: адвокаты шағым түсірді

Фото: Видеодан алынған кадр Перизат Қайрат аппеляциялық сотқа шағым түсірді. Ақпаратты адвокат Асланбек Давлетьяров растады. Дегенмен ол егжей-тегжейлі ақпарат беруден бас тартты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап. Бұған дейін ол тағылған айыппен келіспейтінін айтқан еді. Перизат Қайрат 2024 жылы 14 қарашада су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деп күдікке…

Толық оқу

Руслан Берденовті атқан күдіктінің әкесі үндеу жасады

Фото: Qazaq Today Руслан Берденовті атқан күдікті Ернар Жиембайдың әкесі Жиембай Пралиев үндеу жасады, деп хабарлайды Qazaq Today. «Мен ұлымның әкесі ретінде, сіздерге әлеуметтік желілер арқылы жүгінуге мәжбүрмін, себебі ақпараттық кеңістікте пайда болған кейбір жалған жарияланымдарды тоқтатқым келеді. Сіздер қазіргі оқиғалар туралы істің материалдарына негізделген шынайы ақпаратқа қол жеткізе алуларыңыз маңызды. Барлығынан бұрын, мен ұлымның…

Толық оқу

Астана әуежайы өрт туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

Фото: inbusiness.kz Әлеуметтік желілерде тараған өрт жайлы хабар шындыққа жанаспайды. Халықаралық Астана әуежайының баспасөз қызметі мәлім еткендей, әуежай аумағында ешқандай төтенше жағдай тіркелмеген. «Әуежай аумағында ешқандай оқиға болған жоқ. Инфрақұрылым нысандары қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, рейстер кестеге сай орындалуда. Тараған фото және бейнематериалдар — жалған, біздің нысанға қатысы жоқ», — делінген хабарламада.

Толық оқу

Қазақстанда халық пен бизнес көлік салығынан босатылады

Фото: gemini.google.com 2025 жылғы 18 шілдеде Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне қол қойды. Құжат ресми жарияланды, бірақ ол 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Жаңа Салық кодексіне сәйкес, келесі жылдан бастап көлік салығынан толық босатылатын қазақстандықтардың қатары кеңейеді. Олардың ішінде «Еңбек Даңқы» орденінің үш дәрежесінің иегерлері де бар. Бұл мәртебе «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына…

Толық оқу
Яндекс.Метрика