Семейде балалар төбесінен су сорғалаған апатты мектепте оқып жүр
Фото: видеодан скрин Семей қаласының Восход кентіндегі №34 Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп жаңа оқу жылына дайын болмай шықты. Мектептің дәліздерінен төбеден су сорғалап, еденді толығымен басып қалған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Мұғалімдер шелек қойып уақытша шара қолданғанымен, мәселе шешілер емес. Әлеуметтік желіде ата-аналар дабыл қағуда. «Балаларымыз апатты мектепте оқып жүр. Ылғалдан ауырып қалады, құлап…
