«50% табысы тамаққа кететін халыққа реформа қауіпті»: саясаттанушылар Салық кодексін кейінге шегеру – биліктің мәжбүрлі қадамы дейді
Фото: nalogikz.kz Қазақстан үкіметі кеңінен сынға ұшыраған экономикалық реформаны, соның ішінде жаңа Салық кодексінің нормаларын кейінге шегерді. Сарапшылар бұл шешімді “мәжбүрлі қадам” деп бағалап, реформаларды дағдарыс жағдайында емес, экономикалық тұрақтылық кезеңінде жүргізу қажеттігін айтады. Халықтың наразылығы билікті шегінуге мәжбүр етті Саясаттанушы Замир Қаражановтың айтуынша, үкіметтің шегінісі — қоғамның қатты реакциясының нәтижесі. “Біз әлеуметтік желілерден халықтың…
