«Бұл ұсынысты 40 жыл күттік»: Қапшағайға Қонаевтың аты беріледі дегенді естіген ел аламан бәйге өткізді
Алматы облысында аламан бәйге өтті. Ақсақалдардың сөзінше, Қапшағай қаласына Дінмұхамед Қонаевтың атын беру туралы ұсынысқа қуанған ел бұл жаңалықты тойлауға көшкен. Наурыз мерекесімен тұспа тұс келген қуанышты жаңалықтың құрметіне өңірдің жастары аламан бәйге ұйымдастырған. Жалпыұлттық іс-шара Шеңгелді бөктеріндегі Бәйгетөбеде өтті. Сәйгүліктерін сынауға елдің әр аймағынан жүз елуден астам атбегі келген. Олар сәйгүліктерін аламан бәйге, тай…
