Нұр-Сұлтан қаласының атауын «Алаш-Орда» деп өзгертіп, ОДКБ-дан шығамыз — саясаткер

Бұл аптада Қазақстанда тағы бір саяси партия – «Біздің таңдау» құрылатыны жөнінде мәлімдеме жасалды. Белгілі кәсіпкер, бұрынғы саясаткер, марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлының серіктесі Болат Әбілов бастаған партия құрушы азаматтардың мәлімдемесін тоқетер тақылетпен айтар болсақ, «Біздің таңдау» партиясы елді түбегейлі өзгертуге келді. Әрине, ең алдымен бұл партия мемлекеттік тіркеу жолында билік құрған қитұрқысы көп үдерістен өтуі тиіс….

Толық оқу

«Айтарға сөзіміз жоқ»: Қарағанды ​​облысында 800 миллион теңгеге жөнделген жол қирап жатыр (ВИДЕО)

Телеарна мәліметінше, жергілікті тұрғындар облыстық тасжолдың жөнделуін 30 жылға жуық күткен. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында жақында ғана 800 миллион теңгеге жөнделген жол қирап жатыр, — деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы. Телеарна мәліметінше, жергілікті тұрғындар облыстық тасжолдың жөнделуін 30 жылға жуық күткен. Бір жарым жыл бұрын 30 шақырым учаскеде орташа деңгейдегі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бірақ бүгінде…

Толық оқу

Ташкентте ШЫҰ туристік форумы өтеді

19-20 мамырда Ташкенттегі «Hilton Tashkent City» қонақ үйінде Өзбекстан Республикасының төрағалығы аясында ұйым мүшелері-туристік индустрия өкілдері 2022 жылғы ШЫҰ саммитінде бас қосады. 20 мамырда академиялық және іскерлік ортаның, ұйым мүшелері-туристік индустрия өкілдерінің қатысуымен «ШЫҰ мүшелері-мемлекеттер ынтымақтастығының жаңа кезеңі: туризм және мәдени мұра» туристік форумы өтеді. Форумда халықаралық туризмнің, Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдердің мәдени мұрасын…

Толық оқу

Дариға Назарбаеваға тиесілі екі басылым жабылады

Бүгін «Караван» газеті мен 365info.kz сайты жабылатыны белгілі болды. Бұл туралы Qazaq.Today тілшісі Orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваға тиесілі екі басылымның жабылатыны туралы ақпаратпен Выход к правде TELEGRAM-арнасы бөлісті. Еске салсақ, бұған дейін Дариға Назарбаева өзінің медиа-империясының тағдырын шешу үшін өзінің барлық қол астындағы қызметкерлері мен серіктестерін жинаған. Оған…

Толық оқу

Экс-премьер-министр елордадағы мүлкін сатуға шығарды

Бұрынғы премьер-министр Асқар Маминнің елордадағы мүлкін сату жөніндегі келіссөздері туралы журналист Махамбет Әбжан хабарлады. Экс«Папиндікі болмаса, Маминдікі. Әңгіме кем дегенде «Евразия» сауда орталығы, бес саяжай, Көкталдағы үй және астанадағы ауданы 100 гектарға жуық көп жер телімдері туралы болып отыр» деп жазды Әбжан Telegram-да. Ол сонымен қатар қазір Асқар Мамин Нұр-Сұлтанда екенін еске салды. Айта кетсек, бір…

Толық оқу
Яндекс.Метрика