Қазақстандық ғалым қант диабетін емдейтін жасуша ойлап тапты
Қазақстандық биотехнолог өз зерттеуін бұрын-соңды қолданылмаған бета-клеткаларды алу әдісі арқылы жасаған. Молекулярлық биология және биохимия институтының ғалымы Бақытжан Әлжанұлы I типті қант диабетін емдеуге арналған жасушалар ойлап тапты. Ол геномды редакциялау көмегімен жасалады, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігі. Зерттеуге сәйкес, бұл жасушаларды трансплантациялау ұйқы безіне инсулин өндіруге ғана емес, оның денедегі деңгейін реттеуге мүмкіндік…