Доллардың тым арзандап кетуіне не себеп?

Биылғы 5 наурызда валюта айырбастау бекеттерінде америкалық валютаның құны Қазақстан тарихында болмаған биікке дейін көтерілді (1 доллар үшін 525 теңге сұралды). Еркін сатылымнан доллар жоғала бастады. Білетін жұрт банктердің ұялы қосымшалары арқылы электронды түрде айырбастауға жүгірді. Кеңес кезіндегідей валютаның «қара базары» пайда болды (OLX-та 1 доллар 750 теңгеден сатылды). Кейінгі аптада керісінше үрдіс белең алды. Шетелдік валюта…

Толық оқу

Байбек пен Нығматулин тексеріліп жатыр – БАҚ

Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматуллин мен Алматының бұрынғы әкімі, бұрынғы Nur Otan партиясы төрағасының экс-бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «шаруашылық қызметі» тексеріліп жатыр деген ақпарат пайда болды, — деп хабарлайды Qazaq.Today тілшісі orda.kz-ке сілтеме жасап. Бұл туралы «Выход к правде» Telegram-арнасы хабарлады. «Бүгін желіде жазып жатқандай, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек пен Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматуллиннің…

Толық оқу

Түркістан облысында әйел өзінің үйі мен балаларын өртемек болды

Түркістан облысында төрт баланың анасы камераға түсіріп өзін және балаларын өртеп жіберемін деп қорқытты. Оның бұл әрекетке баруына отбасының кедей өмір сүруі себеп болған, деп хабарлайды qazaq.today ақпараттық агенттігі. Әйелдің үндеуін белгілі журналист Гүлмира Әбіқай Facebook парақшасында жариялаған. Көпбалалы ана үйде тұтанған отты көрсетіп, жан түршігерлік әрекетке ақшаның жоқтығы себеп болғанын айтады. Сонымен қатар, көпбалалы…

Толық оқу

 Алматы полициясы 78 атыс қаруы жасырылған орынды анықтады

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталды. Олардан әскери арсенал тәркіленді.  Іс-шараны Алматы қаласы бойынша ҰҚКД-ның көмегімен полиция қызметкерлері жүргізген. Алматы облысының аумағынан жалпы саны 78 атыс қару табылған. «Бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағаны үшін осы ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі ұсталды және қамауға алынды.  Кешенді жедел және арнайы іс-шараларды жүргізу барысында олардың Алматы…

Толық оқу

Берік Уәли ҚР Президентінің баспасөз хатшысы лауазымынан босады

Берік Уәли ҚР Президентінің баспасөз хатшысы лауазымынан босады. Ол енді «Хабар агенттігі» АҚ басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы телеарна Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды qazaq.today ақпараттық агенттігі. Берік Уәли 1977 жылы туған. Ол Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын кинотанушы мамандығы бойынша, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын журналистика мамандығы бойынша,…

Толық оқу