Атырауда теңіз кен орнында жарылыс болып, жұмысшы қаза тапты

Теңіз кен орнында жарылыс болып, бір адам қайтыс болды. 6 шілде 10:30 шамасында “Теңіз” кен орнында құбырға гидротест жасап, атмосфералық газ жіберген. Қысымды көтере алмаған құбыр жарылып,  бір жұмысшы оқиға орнында қайтыс болды. Ақпаратты “ТеңізШеврОйл” компаниясы растап, кейін пікір білдіруге уәде етті. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айша Кенжемұратова кен орнынан жедел жәрдемге қоңырау…

Толық оқу

Қазақстан «Жібек жолы» жүк кемесін жалдаған Ресей компаниясымен келісімді үзуі мүмкін

Қазақстан «Жібек жолы» жүк кемесін жалға алған Ресей компаниясымен келісімшартты үзуі мүмкін. Бұл жөнінде 5 шілдеде индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді деп хабарлайды Atameken Business. – Егер Қазақстанда және халықаралық құқықта бекітілген нормаға сай келмейтін әрекетпен шұғылданса, онда келісімшарт бұзылып жүк кемесі қайтарылады, – дейді Өскенбаев. Таяуда Украина астығын ұрлап алып шыққан Ресей…

Толық оқу

Алакөлде ірі өрт болып, төрт демалыс базасы жанып кеткен

Шілденің бесіне қараған түні Абай облысының Үржар ауданында, Алакөл жағасында үлкен өрт болған. Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, өрт 4 шілдеде 23 сағат 20 минутта тұтанған. Баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, жел күшейіп, от демалыс үйі мен көршілес базаға жылдам жеткен. Қураған шөп те жанған. Демалушылар нөмірлерін өз бетімен тастап шыққан. Секундына 10 метр…

Толық оқу

+ 38 градус. Алматы облысында ескерту жасалды

«Қазгидромет» РМК-ның 2022 жылғы 3 шілдедегі дауылды ескертуінің негізінде 4 шілде күні Алматы облысында 35-38 градусқа дейінгі қатты ыстық күтіледі. Осыған байланысты Алматы облысы ТЖД ескерту жасап, тұрғындарды үйден шықпауға шақырды. Күн қатты ысып кетсе дереу көлеңкеге барыңыз, салқындаңыз, су ішіңіз. Есіңізде болсын, қатты ыстық кезінде табиғи өрттердің пайда болу қаупі артады,-делінген хабарламада. Алматы облысының…

Толық оқу

Қазақстан Өзбекстан билігінің Қарақалпақстан бойынша шешімдерін қолдайды

​​Сыртқы істер министрлігі Өзбекстандағы соңғы оқиғаларға қатысты мәлімдеме жасады ҚР Сыртқы істер министрлігі Өзбекстандағы соңғы оқиғаларға қатысты мәлімдеме жасады Өзбекстан – Қазақстан үшін бауырлас мемлекет, сенімді одақтас және стратегиялық серіктес. Сондықтан Қазақстанда соңғы күндері Өзбекстан Республикасында орын алған оқиғаларды алаңдаушылықпен қабылдады. Өзбекстан басшылығының Қарақалпақстан Республикасындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша шешімдерін құптаймыз әрі қолдаймыз. Бауырлас Өзбекстанда аса…

Толық оқу
Яндекс.Метрика