Алматылық азамат кәмелетке толмаған қызын досының екінші әйелі еткісі келген
Теологтың айтуынша, мұндай діни бағытта насихат жүргізетіндердің дені теріс ағымға үгіттейді 45 жастағы алматылық кәмелетке толмаған туған қызын діни-радикалды көзқарастың жақтастарына тоқалдыққа бермек болған. Бұл туралы өз отбасына зәбір көрсетіп келген отағасының жары айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. Өз аты тұрмақ, бет әлпетін жария етуден бас тартқан, тіпті қорыққан орта жастағы әйел адам даусын да өзгертуді сұрады….
