«Басыңды унитазға жарамын»: Қостанайда мектеп директоры оқушыны қорқытқан
Қостанай облысында Мичурин мектебінде мектеп директоры оқушыны дәретхана унитазына басын жарамын деп қорқытқан. Дегенмен мектепте ата-аналар жиналысы өтіп, директор әрекеті үшін кешірім сұраған. Тараптар татуласып, директор тәртіптік жауапкершілікке тартылып, сөгіс алған. «Тобол Инфо» басылымы жазғандай, Мичурин атындағы мектеп директоры Айнаш Даданованың сөзі жазылып қалған жазбаны оқушы желіге жариялап жіберген. Онда директор мектепте 36 жылдан бері жұмыс істеп келе…
