Жигули Дайрабаевтың ұлдары 60 жастағы азаматты еңбек құлдығында ұстаған
Жамбыл облысының тұрғыны Василий Ковешников өзін депутат Жигули Дайрабаевтың ұлдары құлдықта ұстағанын айтты. Ол бірнеше рет қашып кетпек болған. Бірақ әрекеті сәтсіз аяқталып, Марат Дайрабаев оны соққыға жыққан, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. «Құлпынай алқабын қарадым, қыста Дидардың малын бақтым. Бір тиын да көрмедім. УАЗда тұрдым, тез пісетін кеспе жедім. Марат мені екі рет ұрды….
