Алматыда Республика күніне орай мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті
Республика күніне арналған акция аясында «Медеу» биік таулы кешенінің алаңында биіктігі 40 метр мемлекеттік ту көтеріліп, әнұран орындалды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Іс-шараға Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттары, ҮЕҰ өкілдері, қала жастары қатысты. Республика күніне арналған іс-шара «Медеуде» қазақстандық эстрада әртістерінің қатысуымен өткен концертпен жалғасты. Сахнада Мұқасан Шахзадаев, Мақсат Базарбаев,…
