«Шығын 67 млн теңге»: Семейде қазандықтарды жөндейтін мердігер тергеліп жатыр

ҚМА Абай облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері Семей қаласындағы 3 қазандық бойынша 67 млн теңге шығынды анықтады, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. Бюджет қаражаты 2022 жылы қала қазандықтарын жөндеуге бөлінген. Алайда, 1934 жылы пайдалануға берілген жылу орталығы тозып, әлі күнге дейін қыста жылу энергиясын қалаға дұрыс жеткізе алмай отыр. Мамандардың айтуынша, жылыту маусымы барысында жылу берудегі ауытқулар…

Толық оқу

Қазақстанда «инфосығандарға» қарсы петиция пайда болды

Қазақстанда «инфосығандарға» қарсы петиция пайда болды. Петиция авторлары бүгінде республикада блогерлер мен инфлюэнсерлердің ықпалы артып келе жатқанын, сол себепті жалған сарапшылар көбейіп, қазақстандықтарға пайдасыз курстар сататынын айтқан. Олардың айтуынша, «инфосығандар» өздерін бизнес-тренер, коуч және мотиватор ретінде көрсете отырып, халыққа әдемі өмір, рухани жаңғыруды насихаттайды. Осылайша өзгелерді өздерінен үлгі алуға шақырады. Оған қоса олардан курс, гайд…

Толық оқу

Астана аулаларында есірткі туралы жазулар өшіріліп жатыр

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері Еsirtkige jol joq және Bolashaqqa jol жобасы аясында Полиция департаментімен бірігіп, есірткіні жарнамалайтын қаладағы тұрғын үйлер мен ғимараттардың сыртындағы жазуларды өшіру акциясын өткізді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. Іс-шарада Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Alians KGN Qazaqstana ҚҚ бірігіп, Сарыарқа ауданында есірткі сату туралы…

Толық оқу

Үш жылдан бері іздеуде жүрген қазақстандық Грузияда ұсталды

Бас прокуратураның үйлестіруімен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Грузия аумағында 2020 жылдың наурызынан бері іздеуде жүрген күдікті – Қазақстан азаматын ұстады, деп хабарлады  Qazaq.today тілшісі.   «Оған қаржы пирамидасын құрды және оған басшылық жасады деген айып тағылды. Келтірілген шығын – 3,6 млрд теңге. Қылмыстық іс бойынша 600-ден астам жәбірленушінің шағымы қайта қаралып жатыр», – делінген прокуратура хабарламасында….

Толық оқу

Алматыда Медиафорум өтеді: «TURKTIME: ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ МЕДИА БІРЛІГІ»

4 желтоқсан күні Алматыда «Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қоры мен Дүниежүзілік шетелдік баспасөз ассоциациясы «Шеврон» компаниясының серіктестігінде, «TURKTIME: ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ МЕДИА БІРЛІГІ» тақырыбында ІІІ Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумын ұйымдастырады. Медиа форумның мақсаты – түркітілдес мемлекеттер мен ұлттардың бұқаралық ақпарат құралдарының өзара тиімді ынтымақтастығын күшейту, журналистердің кәсіби білігі пен білімін арттыратын ортақ жобаларды жүзеге асыру,…

Толық оқу
Яндекс.Метрика