Ақмола облысында ArtSport арқылы миллиондап қаржы жымқырғандар анықталды
Фото: gov.kz Ақмола облсының прокуратурасы ArtSport бағдарламасын іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. Ведомство мәліметінше, жосықсыз кәсіпкерлер бұл бағдарламаны бюджет қаражатын жымқыру үшін пайдаланды. Тексеру барысында жалған секциялар мен үйірмелерді ашу, «өлі жандарды» рәсімдеу фактілері анықталды. «Мысалы, Ерейментау қаласында кәсіпкер үстел теннисі және шахмат бойынша секциялар, сондай-ақ домбыра…
