Италия киносының аңызы Клаудия Кардинале өмірден өтті

Фото: wikipedia 23 қыркүйекте 87 жасында әйгілі италиялық актриса Клаудия Кардинале қайтыс болды. Бұл туралы оның агенті Лоран Саври хабарлап, актриса Париж маңындағы үйінде балаларының ортасында көз жұмғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы france24.com-ға сілтеме жасап. Клаудия Кардинале 1938 жылдың 15 сәуірінде Тунис маңында сицилиялық отбасында дүниеге келген. Жастайында ол сұлулық байқауында жеңіске…

Толық оқу

ШҚО-да көшеде итті балталаған адам іздестіріліп жатыр

Фото: Pixabay Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында полиция  жануарға қатыгездік көрсету фактісі бойынша тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Оқиға Ұлан ауданы Привольное ауылында болған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам күшікті мотоциклге байлап, жол бойымен сүйреген. Кейін оны ауыл тұрғындарының көзінше балталап тастаған. ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, қазір тәртіп сақшылары күдіктінің кім екендігін анықтап…

Толық оқу

Елімізде алғаш рет сталкинг жасағаны үшін ер адам сотталды

Фото: shutterstock.com Елімізде 20 тамызда ҚР ҚК-нің жаңа 115-1-бабы «Сталкинг» айыбы күшіне енді. Атырау облысында алғаш рет осындай қылмыс тіркеліп отыр, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. Өткен аптаның сенбісінде белгісіз ер адам әйелдің үйінің терезесіне барып, оғаш қылықтар жасаған. Сот оны «кішігірім бұзақылық» деп бағалап, оны 60 сағат қоғамдық жұмысты тағайындады. Жәбірленуші бейнебақылау камерасының жазбаларын көрсетті….

Толық оқу

«Әкімдік халықтың өмірін қауіпке тікті» – Қарағандыдағы жаңа үй дауы халықты әбігерге салды

Фото: Видеодан скрин Қарағандыда жаңа салынып, 2020 жылы салтанатты түрде тапсырылған көпқабатты үйдің ішкі жағдайы шын мәнінде адам шошырлық. Өрт гидранттары жұмыс істемейді, дабыл жүйесі орнатылмаған. Ал құжатта бәрі «мінсіз» деп көрсетілген. Ең бастысы – әкімдік пен прокуратура бұл былықты біліп тұра, үйді пайдалануға қабылдап жіберген. Яғни, халықтың қауіпсіздігіне көз жұма қараған. Мердігер қателігін «қаржылық…

Толық оқу

400 мың теңге пара алып, 20 миллион айыппұл арқалады: СҚО-дағы экс-шенеунік сотталды

Солтүстік Қазақстан облысында пара алған бұрынғы шенеунікке ірі айыппұл салынды. Есіл ауданының ТКШ бөлімінің экс-басшысы Қайрат Ахметов 400 мың теңге пара алып, сот үкімімен 20 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Тергеу дерегінше, Ахметов кәсіпкерден ақша алып, аудандық маңызы бар жолдарды күтіп-ұстау жұмыстарының актілеріне қол қоюға уәде берген. Сотта ол кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді….

Толық оқу
Яндекс.Метрика