Костанайда жантүршігерлік оқиға – жүк көлігі бензин құю станциясына кіріп кетті
Костанай облысының Б. Майлин ауданындағы Тобыл кентінде таңертең күтпеген жағдай болды. Жүк көлігі үлкен жылдамдықпен келіп, «Мұнай Өнімдері» желісіне тиесілі жанармай бекетінің ғимаратына соғылды. Оқиға салдарынан ғимарат қабырғасы тесіліп, сауда аймағы мен әжетхана бүлінген. Абырой болғанда, жанармай құю колонкаларына зақым келмей, өрт шыққан жоқ. Ең бастысы – зардап шеккендер жоқ. Полиция департаментінің мәліметінше, тексеру тағайындалды….
