Тараздағы инфекциялық ауруханадағы былық: ыстығы 40-қа жеткен балаларды далада сағаттап күттіріп отыр

Фото: видеодан скрин Жамбыл облысының орталығы – Таразда халықтың ашуын туғызған жағдай күн тәртібінен түспей тұр. Инфекциялық ауруханаға ағылған науқастар ұзын-сонар кезекке тұрып, ыстығы көтерілген балаларымен бірге сағаттап далада күтуге мәжбүр. Қалтыраған сәбилерді сыртта ұстап отырған биліктің әрекетсіздігіне жұрт наразы, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. Ата-аналардың айтуынша, қабылдау бөлімінде бар болғаны бір ғана дәрігер отырады….

Толық оқу

Қызылорда халқы қара су ішіп отыр: әкімдік жыл бойы мәселені шеше алмай келеді

Фото: видеодан скрин Қызылордадағы Сол жағалауда бір жылдан бері қара лай су ағуда. Тұрғындардың айтуынша, оны ішу түгілі, әжетханада пайдаланудың өзі мүмкін емес. Алайда, коммуналдық төлемді әкімдік толық төлетіп отыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. «Краннан қара батпақтай су ағады. Ішуге де, кір жууға да, тіпті әжетханаға да жарамайды. Ал біз ай сайын ақша төлейміз»,…

Толық оқу

10 жылдан бері жөнделмеген жол: Степногорскідегі жол халықты ашуландырды

Фото: видеодан скрин Степногорск тұрғындары он жылдан астам уақыт бойы жөнделмей келе жатқан жолдың жайына наразы. Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнематериалдан кейін халықтың ашу-ызасы бұрынғыдан да күшейді. Көлік жүргізушілері күн сайын сынған аспа, опырылған бөлшектермен әлек болып, адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қатерге биліктің бейқамдығына ашулы, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. Халық не дейді? Тұрғындардың пікірлері…

Толық оқу

Алаяқтарға пенсиясын, кредитін беріп, «миллионер боламын» дегендер көбейіп кетті

Фото: pkzsk.info Елімізде түрлі мотивациялық коучтар мен «миллионер қыламыз» деген тренингтерге сеніп, бар ақшасын беріп жатқан адамдардың қатары артып келеді. Әлеуметтік желіде тараған видеоларда қолын көкке көтеріп, «мен миллионермін» деп айғайлағандардың арасында зейнеткерлер де, жұмыссыз жүрген жастар да бар. Алаяқтар көбіне халықтың аңғалдығын пайдаланып, психологиялық әдістерді қолданады. Қарапайым адамдар пенсиясын, тіпті несие алып келген қаржысын…

Толық оқу

Атыраудағы базарда киік еті сатылып жатыр

Фото: azh.kz Атырау қаласындағы базарда киік еті сатыла бастады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы АқЖайыққа сілтеме жасап. Оралдан келген сатушы Вячеслав қалаға шамамен 2 тонна киік етін жеткізген. Оның айтуынша, тұрғындар тарапынан қызығушылық жоғары болғандықтан, әкелген ет түгелдей өтіп кеткен. «Кейбірі көп мөлшерде көтермемен алды, енді бірі келілеп сатып әкетті. Біз ресми түрде жұмыс істейміз: өзіміздің аңшылық шаруашылығымыз бар,…

Толық оқу
Яндекс.Метрика