Доллар тағы қымбаттап, 550 теңгеге жақындады

Фото: Pixabay Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,34 теңгеге қымбаттап, 548,79 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 544,26 теңге, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 546,15 теңгеден сатып алынады, 548,24 теңгеден сатылады. Еуро…

Толық оқу

«1 номердің 1 тәулікке құны 280 мыңнан басталады»: Реал-Мадрид футболшылары тұрақтаған қонақ үй белгілі болды

Фото: видео скриншот Журналист Гүлмира Әбіқай Реал-Мадрид футболшылары тұрақтаған қонақ үй туралы айтты. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды,  деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. ”Сонымен, көптен күткен аты аңызға айналған команда толық құраммен Алматыға келді. “Реал Мадридтің” нағыз табынушылары ұшақтың Мадридтен ұшып шыққан сәтінен бастап “аңдыған”. Кешікпей дер мезетте ұшты, жарты жолда келе жатыр, 1 сағаттан…

Толық оқу

Рүстем Жүгінісовке қатысты сот үкімі шықты

Фото: видеодан алынған кадр Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот әнші Рүстем Жүгінісовке 79 мың теңге айыппұл салды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Сотта әншінің айтқан екі пікірі қаралған. 2023 жылғы 31 желтоқсанда Жүгінісов TikTok-та «Жаңа жылды тойлау керек пе?» деген сұрақ қойып, «пайғамбар да, ата-бабаларымыз да бұл мейрамды тойламағанын» айтқан. Екіншісі — Ақтөбедегі мешіт…

Толық оқу

Қанат Шарлапаев тағы бір беделді қызметінен айырылды

Фото: Cенат «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры директорлар кеңесінің құрамы өзгергенін хабарлады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.  «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгергенін хабарлайды. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның (KASE тикері – SKKZ) жалғыз акционерінің 2025 жылғы 25 қыркүйектегі шешімімен Шарлапаев Қанат қоғамның директорлар кеңесінің құрамынан шықты», — деп хабарланған ресми ақпаратта.

Толық оқу

Қоянқұста біреудің итін атып өлтірді: қаңғыбас иттерді қырып жүргендерге халық ашулы

Фото: Видеодан алынған кадр Қоянқұс ауылында тұрғындардың көзінше қарулы адамдар көше аралап, иттерді қырып жүргені видеоға түсіп қалды. Олар тіпті бір үйдің ауласындағы итке көздеп, оқ атқан. Қақпаға оқ тиген сәтте ит шыңғырып, ауладан сыртқа атып шыққан. Бұл ауыл адамдарының ашуын туғызды. Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнында «Газель» жүк көлігі тұрған, ал кабинадан қару мен аң…

Толық оқу
Яндекс.Метрика