Әлемдік мұнай бағасы арзандады

Әлемдік мұнай бағасы АҚШ-тағы қорлар туралы ресми мәліметтер жарияланғаннан кейін төмендеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың сәуір айындағы фьючерстерінің бағасы 3,31%-ға құлдырап, 74,45 долларға жетті. Сауда деректері бойынша, бұл көрсеткіш Астана уақытымен 08:20-да тіркелген. WTI маркалы мұнайдың наурыз айындағы фьючерстерінің бағасы 3,62%-ға төмендеп, 70,66 доллар болды. АҚШ Энергетика министрлігінің…

Толық оқу

Kaspi банк акционері Вячеслав Ким Jusan Bank-ті сатып алмақшы

Фото: azh.kz Kaspi.kz акционерлерінің бірі Вячеслав Ким Jusan Bank акцияларының бақылау пакетін сатып алмақ ниетте екенін растады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  «Мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Jusan Bank акцияларының 97,5%-ын сатып алу туралы өтініш бердім. Бұл өтінішті агенттік қарастырып жатыр. Реттегіш өтінішті егжей-тегжейлі зерттегеннен кейін шешім қабылдайды. Бұл транзакцияның Kaspi.kz компаниясына еш…

Толық оқу

«Тиімсіз жұмыс істеп келеді»: депутат Қожаназаров Үкіметтен 40 млрд доллар көмек алған тойымсыз банктерді сынады

Respublica партиясының төрағасы, ҚР Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров елдегі банк жүйесін тойымсыздыққа теңеді. Ол банктер аса жоғары үстемемен пайда тауып отыр деп санайды. Депутат Қазақстандағы банк жүйесінің мемлекеттік қолдауға қарамастан, халықтың мүддесіне қызмет етпей отырғанын сынға алды, деп хабарлайды Qazaq.today. «(Банктер) Ерке бала демесек, оларды кім дейміз? 2009 жылдан бері банктерге 6,6 трлн теңге қаржылай…

Толық оқу

Қор нарығында теңге нығайып жатыр

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,52 теңгеге арзандады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 510,49 теңге. Ұлттық банктің 10 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 511,18 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны…

Толық оқу

«Тәуелсіздік алғалы ештеңе өзгермеді»: Қаржыгер экономиканы әртараптандыратын уақыт келгенін айтты

Экономист, сарапшы, қаржыгер маман Сәбит Рысбаев Qasqa Jol YouTube арнасында қонақта болып экономиканың қазіргі жағдайына байланысты бірнеше сауалға қарапайым тілмен жауап берді, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Сарапшының сөзінше, мұнайға тәуелді елдер нашақор адамдар сияқты келеді екен. «Бюджеттің 44%-ы мұнайдан келетін ақшаға қарап тұр. Біздің 30 жылдан бері айтып келе жатқан әңгімеміз экономиканы әртараптандыру….

Толық оқу