«Суықта күш береді»: кәсіпкер К. Шүкенов Екібастұзда жылусыз қалған халыққа жылқы етін таратты
Арқаның кәсіпкерлері Екібастұз қаласындағы халыққа жылқы етін тегін таратып жүр. Сақылдаған сары аязда жылусыз қалған тұрғындарға ет асып беріп, сорпамен күш беруге көшкен, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Қалада құбыр жүйелері қатып, пәтерлер жаппай жылусыз қалғалы суықтан ауырған адамдардың саны да артқан. Әртүрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырумен айналысатын бір топ жігіт осы жолы арнайы Екібастұздың тұрғындарына…